Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

«ҰЛТТЫҚ ОЙЫНЫМЫЗ ДӘРІПТЕЛДІ»

1680067610042610.jpg

         2023 жылдың 20 наурыз күні Ұлыстың ұлы күніне орай және оқушылардың көктемгі демалыстарын қызықты да, тиімді ұйымдастыру мақсатында мектебіміздің "жас эколог" тәрбиеленушілері асық ойынын өткізді.
Қазақтың ұлттық ойындарының бірі – асық ойыны. Асық ойыны баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйлыстыққа тәрбиелеген. Ерте де ата-бабаларымыз асық ойынын балаларына жас кезінен бастап үйрете бастаған. Тіпті сәби дүниеге келмей жатқанда, жас нәрестенің ойнайтын асықтарын жинаған. Асық ойындары тек қана қазақ халқына ғана таныс ойын түрі емес. Бұл ойынды Орта Азия халықтары, оның ішінде өзбек, қырғыз, тәжік ұлттары да әлі күнге дейін ойнап келеді. Асық ойындарының тәрбиелік мәні зор. Асық ойыны ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, сергектікке баулитын қасиеттерін білген дана халқымыз балаларын осы ойын түріне жастайына баулыған. Осы орайда наурыз мерекесіне орай ұлттық ойынымызды жандандырып оқушыларға насихаттау мақастында мектебіміздің «Жас эколог» тәрбиеленушілерімен «Алтын сақа» асық ату ойыны өткізілді. Аталған ойынға оқушылар қызығушылықтарын танытып үш кезең бойынша сақаларын сайлап мергендіктерімен, ептіліктерін таныта білді. Ойын қорытындысы бойынша жүлделі І орынды Орынқұл.Д, ІІ орын Атабай.С, ал жүлделі ІІІ орындарды Серікбай А, Жәрдембек.А, Болатбек.К өзара бөлісті. Ойынға қатысқан қалған оқушыларымызға да ойынға деген жігерліктері үшін арнайы дипломдар табысталды.

Директорға сұрақ қою