Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ

1680238293008895.jpg

Бүгін 2023 жылдың 30 наурыз күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 9-сынып оқушыларымен Астана қаласының әкімдігінің «Кәсіптік-техникалық колледжі» КММ өкілдерімен кездесу болып өтті. Кездесу барысында мекеме өкілдері оқу орны жайлы ақпараттар айтып, мамандықтармен таныстырып өтті. Кездесу барысында оқушыларға колледждің ішкі бейнесін, оқу ақысы, білім сапасы, мамандықтардың ерекшеліктері және т.б пайдаға асарлық деректерді айтты. Кездесуге қатысқан әрбір оқушы өздеріне ұнаған мамандықтары бойынша қызығушылық танытып бірнеше сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды. Кездесу жаңа серпіліс беріп оқушыларды жігерлендіре түсті.

Директорға сұрақ қою