Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ ІРГЕТАСЫ БҮГІННЕН ҚАЛАНАДЫ

1680493988240736.jpg

        2023 жылғы 29 наурыз күні Астана қаласының Білім басқармасы Әдістемелік орталығының ұйымдастырумен «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» атты қалалық бірыңғай педагогикалық кеңес болып өтті. Педагогикалық кеңес жұмысы тәрбие бағыты бойынша әдістемелік алаңдардың көрме ұйымдастыруымен бастау алды. Өнегелі, тағылымды көрмеде Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі «Өркендеу жобасы – ұлттық тәрбиенің негізі» тақырыбында жоба жұмысын таныстырып, көпшілік қауымның қызығушылығын тудырды. Көрмеге қатысушы қонақтар арнайы әзірленген «Өркендеу» жобасы бағытындағы тұжырымдама парақшаларымен танысып, жоба аясында арнайы әзірленген бейнеслайдқа назар аударып, жоба жұмысының нәтижесін талдап, өздерін қызықтырған сауалдардың жауабын алды. Сондай-ақ жоба аясында әжелер мектебі клубы мүшелерінің әжелер қауымы, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Б.Найманбаевамен бірлесіп, оқушыларға тағылымды тәрбиенің қалай беріліп жатқаны және «Өркендеу» жобасының іске асырылу барысы туралы іс-тәжірибесімен бөлісті. Өскелең ұрпақтың ұлағатты, зерделі боп өсуін басты назарға алып, ұйымдастырылған қалалық бірыңғай педагогикалық кеңесте Астана қаласы Білім басқарасы басшысының орынбасары Маржангүл Қаирбаева алғы сөз сөйлеп, басқосудың жастар тәрбиесінде маңызы айрықша екенін тілге тиек етті. Педагогикалық кеңесте «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсұтбек Дүйсенбекұлы «Құндылықтарға негізделген білім берудегі ата-ананың рөлі», «Жаңа ұрпақ» республикалық көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы Асхат Абжанов «Воспитание молодежи на примере школы-лидерства «Жаңа ұрпақ», «Қоғамның жаңаруы» қоғамдық қорының басшысы Владимир Николаевич «Трудности, с которыми сталкиваются родители и как их преодолеть», «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры тәрбие бөлімінің басшысы Самат Халықұлы «Құндылықтарға негізделген мектеп келбеті», Қаныш Сәтбаев атындағы BINOM мектеп-лицейінің директоры Құралай Амангелдіқызы «Сынып жетекшілердің қоғамдағы рөлі», №37 мектеп-лицейінің сынып жетекшісі Медет Жақсылықұлы «Сынып жетекші – оқушы идеалы» тақырыптарында өз ойларымен бөлісті. Аталған педагогикалық кеңесті тележурналист Нұрсұлтан Амангелдіұлы жүргізді. Елорда әкімдігінің Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының ғимаратында өткен ауқымды шара TEDx форматында ұйымдастырылды.

Директорға сұрақ қою