Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

Бос орын

1694414275250436.jpg

       Астана қаласы әкімдігінің «Әлкей Марғұлан атындағы  №40 мектеп-лицей» КММ, ҚР БЖҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес педагогтің бос, уақытша бос  лауазымына тағайындау педагог-логопед, педагог-психолог конкурсын  2023 жылдың 11-19  қыркүйек күндері аралығында жариялайды.

Құжаттарды қабылдау уақыты: 2023 жылдың 11-19 қыркүйек күндері аралығында;

дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-15:00 (үзіліс 13:00-14:00);

құжаттарды қабылдаудың соңғы күні –  19.09.2023 жыл.

Конкурстың болатын күні: 21 қыркүйек  2023 жыл,  сағат 15:00-де,  322-кабинет

 

  1. Логопед бос лауазымына -1 бірлік (тұрақты)

Жүктеме: 1 ставка

Орташа еңбек  ақы: 180 000-200 000 тг (ҚР БЖҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығындағы талаптарға және жүктемеге сәйкес)

Оқыту тілі- қазақ тілі.

  1. Педагог-психолог бос лауазымына -1 бірлік (тұрақты)

Жүктеме: 1 ставка

Орташа еңбек  ақы: 180 000-200 000 тг (ҚР БЖҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығындағы талаптарға және жүктемеге сәйкес)

Оқыту тілі- қазақ тілі.

 

 

Педагог-логопедтің лауазымдық міндеттері:

 

  • Мектепке дейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын мектепке дейінгі ұйымның, оның ішінде арнаулы мектепке дейінгі ұйымдардың арнаулы педагогы үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кемтар балалармен жеке, топтық және кіші топтық сабақтар (сабақтар) өткізеді;
  • мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді және тәрбиеленушілердің ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады;
  • даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың психофизикалық даму бұзылыстарын еңсеру үшін жеке оқу, жеке-дамытушы, түзету-дамытушы бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)сабақтар өткізеді;
  • мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;
  • білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
  • басқа педагогтермен және мамандармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, білім беруде инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді;
  • басқа педагогтермен және мамандармен тығыз байланыста мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту және әлеуметтендіру жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
  • тәрбиешілерге, адамдардың (балалардың) ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқыту мен тәрбиелеудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану жөнінде консультация береді;
  • жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және үлгілік оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес оқытудың алуан түрлі нысандарын, білім беру технологияларын, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады;
  • психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және консультация беру бағдарламаларын (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар), түзету-дамыту бағдарламаларын (психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары, аутизм орталықтары және басқа да орталықтар) іске асыратын арнайы білім беру ұйымдарының арнаулы педагогі кемтар балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді;
  • ерекше білім беру қажеттіліктерін командалық бағалауды жүргізуге қатысады;
  • психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің, оңалту орталықтарының, аутизм орталықтарының арнайы педагогы білім беру ұйымының жоспары мен кестесі бойынша жеке, кіші топтық және топтық сабақтар өткізеді;
  • жеке оқу, жеке-дамыту, түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)өткізеді;
  • өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырады;
  • әдістемелік кеңестердің, әдістемелік бірлестіктердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
  • ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларға қоғамның толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
  • тәрбие процесі кезеңінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.

 

Педагог-психологтың лауазымдық міндеттері:

 

  • мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге бағытталған қызметті жүзеге асырады;
  • баланың дамуы мен мінез-құлқындағы проблемаларды анықтайды. психикалық, эмоционалдық-коммуникативтік және тұлғалық даму деңгейі мен ерекшеліктеріне психологиялық диагностика жүргізеді, психологиялық қорытынды жасайды;
  • мектепке дейінгі жастағы балалар тұлғасының дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтайды, әртүрлі психологиялық (психопрофилактикалық, дамытушылық және консультациялық) көмек көрсетеді;
  • қажет болған жағдайда ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және балаларға арналған, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар жеке дамыту бағдарламаларын, сондай-ақ оны педагог-ассистент іске асыру үшін балалардағы проблемалық мінез-құлықты жеңу жөніндегі бағдарламаларды жасайды, оларды жеке, кіші топтық және топтық дамыту сабақтары түрінде іске асырады;
  • мектепке дейінгі жастағы шығармашылықпен дарынды балаларға психологиялық қолдау көрсетеді, олардың дамуына, шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал етеді;
  • ата-аналарға, тәрбиешілерге және педагогтарға консультациялық көмек көрсетеді;
  • белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады;
  • кәсіби құзыреттілікті арттырады, мектеп жасына дейінгі балалармен психологиялық жұмыстың заманауи әдістері мен технологияларын қолданады;
  • балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.
  • Білуге тиіс:
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және Қазақстан Республикасының Білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілері;
  • жалпы психология, педагогикалық психология және жалпы педагогика, тұлға психологиясы және дифференциалды психология, балалар және жас психологиясы, әлеуметтік психология, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихология, психосоматика;
  • педагогикалық этиканың нормалары;
  • арнайы мектепке дейінгі педагогика, психотерапия, психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика негіздері;
  • белсенді оқыту әдістері, қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық тренингі;
  • ата-аналарға арналған жеке және топтық кәсіби кеңес берудің заманауи әдістері, баланың дамуындағы бұзылыстарды диагностикалау және түзету;
  • еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.
  • Біліктілікке қойылатын талаптар:
  • "Психология" бағыты бойынша "Педагогика және психология" бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе "Психология" бейіні бойынша педагогикалық қайта даярлауды, медициналық білімін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
  • және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 5 жыл;
  • және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.
  • Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
  • "педагог":
  • педагог-психологқа қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
  • заманауи психологиялық әдістерді қолданыңыз;
  • мектеп жасына дейінгі балалармен диагностикалық, түзету жұмыстарын жүргізу, эмоционалдық саулықты, балалардың тиімді дамуын қамтамасыз ету;
  • білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру;
  • педагогикалық ұжым мен ата-аналарға психологиялық білім беруді жүзеге асыру;
  • "педагог – модератор":
  • "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
  • жеке психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, балалармен жұмыс жүргізу;
  • балалармен, педагогтармен, ата-аналармен проблемалық (стандартты емес) жағдайларда жұмысты ұйымдастыру;
  • ересектердің балалармен қарым-қатынасын қамтамасыз ету және реттеу; әлеуметтік бейімделудің белсенді әдістерін қолдану;
  • ата-аналар мен педагогтарға консультациялық көмек көрсету;
  • "педагог – сарапшы":
  • біліктілікке сәйкес келуі тиіс: "педагог-модератор", сондай-ақ:
  • әртүрлі профильдер мен мақсаттардағы психологиялық диагностиканы жүргізу, балалармен жеке жұмыс жүргізу;
  • шығармашылық топты басқару, психологиялық–педагогикалық қызметтің өзекті мәселелері бойынша конференцияларға, семинарларға қатысу;
  • мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеу; тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындау, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау;
  • "педагог-зерттеуші":
  • "педагог-сарапшы" біліктілігіне, сондай-ақ:
  • психологиялық тексеру және диагностика деректерін ескере отырып, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасау бойынша психологиялық-педагогикалық бағдарламаларды дербес әзірлеу, психологиялық қорытынды жасау және түзету жұмыстарын жүргізу;
  • әдістемелік құралдар, оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу;
  • психологиялық-педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың инновациялық тәжірибесін енгізу;
  • мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру бойынша педагогтерге көмек көрсету;
  • аудан, қала деңгейінде психологиялық - педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асыру және даму стратегиясын айқындау, облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде тәжірибені жинақтау;
  • "педагог-шебер":
  • "педагог-зерттеуші" біліктілігіне, сондай-ақ:
  • облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған, шығарылған оқу-әдістемелік құралдардың, оқу-әдістемелік кешендердің авторы (тең авторы) немесе авторлық бағдарламасы болуы тиіс;
  • тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық кәсіби конкурстардың қатысушысы болу.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

 

 1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

 2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік көшірмесі);

 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы, 3x4 фото сурет;

 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері (диплом+ қосымшасы);

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек кітапшасының көшірмесі);

6) 075/у анықтамасы;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты НКТ (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік және бұйрығы болған жағдайда; (санаты болмаған жағдайда НКТ тест тапсырып, педагог-тағылымдамашы санатын алып келу керек);

10) Жеке кәсіби жетістектері (алғыс хат, мадақтама, диплом, жарияланымдар, авторлық жұмыс және сертификаттар, оқушылардың жетістіктері);

11) Тәжірибе жоқ кандидаттың бинепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратылымдығы-720 x 480 (флешкаға салып тапсыру керек)

12) Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түлегі. «Дипломмен ауылға!», «Серпін» мемлекеттік бағдарламаларының қатысушысы, Жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі бойынша жіберілген педагог;

13) Алдынғы жұмыс орнынан ұсыныс хат;

14) Бағалау парағы;

15) Барлық құжаттарды 10 беттік көк түсті фаил папкасында болу керек.

 

Мекен-жайы:

Астана  қаласы                                                                          

Сарыарқа ауданы                                                                      

Көктал тұрғын алабы                                                               

Д.Бабатайұлы көшесі,  26                                   

т/факс (7172) 501-669

Электрондық пошта: sh40margulan@yandex.kz                                                                     

Директорға сұрақ қою