Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

ӘРІПТЕСТІК НЫҒАЯ БЕРМЕК

1695033474350635.jpg

Бұрнағы күні шымылдығы түрілген Ербол Ісләмұлы атындағы кабинетке келген педагог-әріптестер ел руханиятының қалыптасуына, дамуына өзіндік үлесін қосқан ардақты ағамыздың есімін ұлықтап, артында қалған өлшеусіз еңбегімен танысып, өзара ынтымақтастығымызға үлес қосты. Шара аясында меймандар алдымен Әлкей Марғұлан атындағы музейге ат басын тіреп, ардақты академиктің көзіндей болған құнды мұраларымен танысты. Сондай-ақ жаңа қызметке тағайындалған мектеп басшысы Сәуле Амангелдіқызына алдағы уақытта қызметіне табыс тіледі. Осылайша, келер күннің еншісінде елордалық білім көшінде өзіндік орны қалыптасқан екі мектеп әріптестік байланысты нығайтып, тәжірибе алмасуға ниет білдірді.

Директорға сұрақ қою