Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

ОТБАСЫ,ОҚУШЫ,МҰҒАЛІМ қолдау көрсету жиналысы

1695095201761431.jpg

Білім ордасына енді қадам басқан балалардың ата-анасында оқу жылының басында көкейде бірқатар сұрақ болатынын негізге ала отырып, басқосуды ұйымдастыру күн тәртібіне қойылған еді. Мұндағы басты мақсат – мектеп ата-аналарына педагогикалық, психологиялық қолдау көрсету. Тағылымды басқосуды жүргізген мектеп директоры Сәуле Амангелдіқызының айтуынша, отбасы – маңызды әлеуметтік институт, сондықтан ата-ана мен бала арасында еш кедергі, өзара түсініспеушілік орын алмауы тиіс.
Күн тәртібі негізінде қаралған тағы бір мәселе – мектеп психологтарының әзірлеген педагогикалық, психологиялық қолдау кеңесті. Мәселен, мектеп психологы Л.Мыңбаева жылда ұйымдастырылатын мұндай форматтағы жиналыс ата-аналарға балаларды тәрбиелеуде педагогикалық-психологиялық тұрғыда тәрбиелеу үшін көмегі зор екенін айтып өтіп, бірнеше ақпаратпен таныстырып, кеңестер беріп өтті. Жиналыс соңы ата-аналарға бірнеше хабарлама берумен қатар, олардың әртүрлі мәселе бойынша қойған сұрақтарымен және ізгі тілектерімен түйінделді.

Директорға сұрақ қою