Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

БЕЙІМДЕЛУ КҮНДЕРІ

1695095699783872.jpg

Аптаның бірінші күнін тарих бірлестігі бастап, викториналық сұрақтар қойып, оқушылардың білімдерін нығайту ретінде танымдық ойындар өткізілді. Аптаның екінші күнін қазақ тілі бірлестігі өткізді. Қазақ тілі бірлестігі пән бойынша қызықты тапсырмалар беріп, түрлі қосымша платформаларын қолдану арқылы ойын өткізді. Ағылшын бірлестігі сөздер мен сөйлемдерді дұрыс табу мақсатында оқушыларға суреттер таратты.Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларға тәтті кәмпиттер мен көңілді смайликтер таратылды. Оқушылар әр тапсырманы қызыға да тамсана орындап, көтеріңкі көңіл күйде кетті.

Директорға сұрақ қою