Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

ОТБАСЫЛЫҚ ЭСТАФЕТА

1695096753565227.jpg

Отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған эстафеталық ойынға барлығы тоғыз команда қатысты. Жарасымды киіне білуді үлгі ете білген отбасылар сайысқа түрлі түсті футболкаларды киіп, ерекшелене білді. Мәселен ақ түстілер – 2 «А» сыныбы Таджибаевтар отбасы, қызыл түстілер – 2 «Ә» сыныбы Наурызбаевтар отбасы, жасыл түстілер – 2 «Б» сыныбы Кенебаевтар отбасы, қара түстілер – 2 «В» сыныбы Жұмашовтар отбасы, сары түстілер – 2 «Г» сыныбы Тойжановтар отбасы, көк түстілер – 2 «Д» сыныбы Рахмановтар отбасы, қызғылт сары түстілер – 2 «Е» сыныбы Асхатовтар отбасы, көгілдір түстілер – 2 «Ж» сыныбы Тусуповтар отбасы, сұр түстілер – 2 «З» сыныбы Батырбековтар отбасы болды. Қызықты да, тартысты өткен эстафеталық жарыс нәтижесінде жүлделі І орынды Тойжановтар отбасы (2 «Г»), ІІ орынды Таджибаевтар отбасы (2 «А»), Асхатовтар отбасы (2 "Е"), ІІІ орынды Жұмашовтар отбасы (2 «В»), Кенебаевтар отбасы (2 «Б»), Батырбековтар отбасы (2 "З") иеленді. Қалған қатысушы команда мүшелері түрлі номинациялар бойынша арнайы әзірленген дипломдармен марапатталды. Спорт арқылы бала тәрбиесіне позитивті ата-ана көзқарасын қалыптастырып, көңілді кеш сыйлаған барша ата-аналарымыз бен жанкүйер болған бүлдіршін оқушыларымызға, ұстаздар қауымына зор алғысымызды білдіреміз. Қашанда күшіміз бірлікте, ісіміз тындырымды болсын. Мереке құтты болсын!

Директорға сұрақ қою