Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

ТІЛ ДЕГЕН АЛЫП МҰХИТ

1695096982314274.jpg

Оқушылардың екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, ой - мазмұнын бағалай отырып, балалардың дүниетанымын дамыту, өлең сөзге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткізілген мәнерлеп оқу сайысы мемлекеттік әнұранды орындаудан бастау алды. Сайыскерлеріміздің мәнерлеп жатқа оқу шеберлігі, таңдаған шығармасының тақырыпқа сәйкестігі, мазмұны мен көлемі сайыс барысында ескерілді. "Тіл", "Отан", "Туған жер" тақырыптарында өлең шумақтарын жатқа оқыған мәнерлеп оқу сайысының қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды 6 "В" сынып оқушысы Жаңабекұлы Ханкелді, ІІ орынды 6 «Е» сынып оқушысы Байзақ Мадина, І орынды 6 «Ж» сынып оқушысы Болат Ақмарал иеленді. Ал қалған сайысқа қатысушылар арнайы әзірленген алғыс хаттармен марапатталды.

Директорға сұрақ қою