Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

ТАЗА МЕКТЕП,ТАЗА ОРТА АКЦИЯСЫ

1695097119552864.jpg

Қазіргі кезде кейбір көшелерде қоқыстан аяқ алып жүру мүмкін емес. Кез келген жерге қоқыс тастап кету, санаулы шақырым жерге жүріп барып қоқыс жәшігіне тастауға ерінетін адамдар көптеп кездеседі. Бұл жағдайда біз жоғарыда аталған экологиялық тәрбиенің нашар деңгейде дамуын көреміз.
Осындай жағдайларға жол бермес үшін алдымен енді өсіп келе жатқан жас буын тәрбиесіне баса назар аударғанымыз жөн. Осы мәселеге мектебіміздің экологиялық Ecoteam тобы да атсалысып бүгін 15 қыркүйек күні орта буынға жақында ғана аяқ басқан 5 сынып оқушыларымен "Таза мектеп, таза орта" акциясын ұйымдастырды.Аталған акцияда топ белсенділері 5ші сынып оқушыларына барып экологиялық мәдениет тұрғысында ақпарат беріп,туған жерімізді өзіміз қорғап, аяламасақ кеш болатынын айтты. Сондай-ақ мектеп ішінде де қоқыс қалдықтарын тастамай тиісті орындарға салуды әдетке айналдыруды ескертті. Топ оқушылары қоқыс қалдықтарының адам денсаулығына,жан-жануарларға тигізетін зиянды әсерлерін айтып оқушылардың пікірін тыңдады. Таза болса табиғат,аман болар адамзат!

Директорға сұрақ қою