Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР

1715859902146845.jpg

 
«Бірге жиналу – бұл бастама, бірге қалу – бұл алға жылжу, ал бірге жұмыстану – бұл жетістік» - дегендей,Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 2024 жылдың 04 мамыр күні «Сабақты зерттеу: жетекші және серіктес мектептердің жаратылыстану пәндерін оқытудағы жаңашылдықпен жұмыс» тақырыбында жетекші және серіктес мектептердің бірлесуімен қалалық семинар өтті.
Семинарға Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК орта білім беру бөлімінің әдіскері Шакирова Шарипа Химановна, қала мектептерінен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, жаратылыстану, бастауыш пәні мұғалімдері қатысты.
Семинардың мақсаты: сабақты зерттеудің әдістерін тәжірибеде қарастырып, қолдану жолдарымен танысу, өзара тәжірибе алмасу. Қатысушы педагогтер семинар бағдарламасы бойынша зерттеу сабақтарын бақылады. Зерттеу сабақтары математика, химия, жаратылыстану, физика пәндерінен өтті. Мектебіміздің математика пәні мұғалімі Г.Б.Жарболова 6 «Б» сыныбында «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу және алмастыру тәсілдерімен шешу», химия пәні мұғалімі Н.Т.Сакенова 8 «Ж» сыныбында «Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс», бастауыш сынып мұғалімі Ержан Хобланды жаратылыстану пәнінен 4 «Б» сыныбында «Жыл мезгілдері», математика пәнінен 3 «В» сыныбында Ә.Қ.Сапарова «Есептерді теңдеу құру арқылы шығару» тақырыптарында зерттеу сабақтарын өткізді. №68 мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі С.О. Кенебаева 10 «А» сыныбында «Магниттік-резонанстық томография», №41 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Л.К. Абдрахманова 7 «Б» сыныбында «Действия над алгебраическими дробями» сабақтарын жүргізді.



Директорға сұрақ қою