Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

"ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН ІЗІМЕН" туристік-өлкетану экспедициясы

1522653594789032.jpg

"МАҢҒЫСТАУ - МАҢҒАЗ ӨЛКЕ"

Әлкей Марғұлан атындағы 40 орта мектебінің оқушылары "Руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында Маңғыстау облысының киелі жерлерін аралады.
Сапарымызды Қарақия ойпаты арқылы өтіп "Шопан атаның" күйеу баласының басына дұға қылып, "Шопан ата" жер асты мешітіне зиярат етуден бастадық.
Шопан ата Қожа Аxмет Яссауидің шәкірті болған. Ұстазының айтуы бойынша осы аймақтан жер асты мешітін салдырып, елді имандылыққа тәрбиелеген. Осы мешітте өзі, әйелі мен қызы жерленген. Мешіттің сыртында жоғары жақта қайын атасы Баян ата жерленген.
"Мағыстауда Пір Бекет" деген сөзді жадымызда ұстап, Оғланды тауына жол тарттық. 
Оғланды атаның басына құран оқып, дәретімізді алып Бекет атаның жер асты мешітіне, ойпаттың етегіне қарай түстік. Мешіт үш бөлемеден тұрады. Бірінде Бекет атаның мүрдесі жерленген. 
Әулие ата басына зиярат етіп келушілер қатары өте көп екен. Біз де дұғамызды оқып, елдің, жердің, отбасының амандығын тілеп, Бекет атаға тәу еттік!
Киелі жерлер оқушыларға қатты әсер етті. Елінің киелі жерлері мен қасиетті тұлғаларын біліп өскен ұрпақ, xалқына адал қызмет ететініне сенеміз!
 
 
 
  

Директорға сұрақ қою