ЕР БАЛА ТƏРБИЕСІ - ЖАУАПТЫ ІС
2018 жылдың 25 қыркүйек күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінде 2018-2019 оқу жылының алғашқы ер балалар жиналысы 8-11 сыныптармен болып өтті. Аталған жиында ер бала тәрбиесі мен мәдениеті жөнінде мәселелер қозғалды. Жиын барысында мектеп инспекторы Лəззат Ерланқызы жасөспірімдер арасында орын алатын бопсалау, әлімжеттік мәселелеріне тоқталып, ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық баптарымен таныстырса, педагог-ұйымдастырушы Қайрат Атчибаев "Оқушылардың саналы тәртіп пен мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеу" жөніндегі баяндамасын оқыды. Қортынды сөзде мектеп директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлы мектеп оқушыларын тәртіп пен мәдениеттілікке шақырып, еліміздің өркендеуіне үлестерін қосатын азамат болуларына тілектес екендігін білдірді.