Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

"БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ БАСҚАН ЖАСӨСПІРІМДЕР" АТТЫ САЛТАНАТТЫ ҰЛЫҚТАУ РӘСІМІ

1542428688792441.jpg

2018 жылдың 12 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінде "Жас ұлан" оқушылар ұйымының ұланбасын салтанатты түрде ұлықтау рәсімі болып өтті. Салтанатты рәсім оқушылардың әнұран айтуынан бастау алып, 3 сынып оқушыларының құттықтауымен жалғасын тапты. Кеште мектеп ұланбасы Жақсылық Жанерке оқушылар алдында салтанатты түрде ант беруі және "Жас ұлан" оқушылар ұйымының бағыттар бойынша көшбасшыларының "Біз мектебіміздің мәртебесін биік ұстап, еңсесін түсірмеуге, міндетімізді мүлтіксіз орындауға АНТ ЕТЕМІЗ!" деген ұрандары тыңдалды Кеш соңында "Жас ұлан" оқушылар ұйымының көшбасшылары "Көк тудың желбірегені" әнін және "Марғұлан маршын" орындады.
 
 

Директорға сұрақ қою