Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

Әлкей Марғұлан және Алаш қаласының тарихы

1676892912549538.jpeg

ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН ІЗІМЕН» ТУРИСТІК – ӨЛКЕТАНУ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ

Мақсаты:  Академик Әлкей Марғұлан оқыған, зерттеген өлкесі арқылы оқушының ғылыми  зерделеуін дамыту.

Міндеттері:

  • Этнография және қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы, зерделеу жұмысына бағыттау;
  • Әлкей Марғұлан оқыған білім ордасы мен Алаш қаласының тарихы туралы білу;
  • қазақ жеріндегі тарихи жерлер мен  ескерткіштерді аралау; 
  • музейлермен танысу, байланыс жасау;
  • оқушылардың шығармашылығын дамыту;
  • туристік – өлкетану бағыты бойынша жұмысты жандандыру.

Күні, айы, жылы

Уақыты

Экспедиция  бағыттары

13-17.04.2018ж

 

Астана – Семей-Жидебай бағыты бойынша Семей педагогикалық колледжі және Абайдың мемлекеттік музейінің директорларымен  байланыс жасау.

24-29.04.2018ж

12.00

Мектептің ұстаздары мен оқушыларына экспедицияға шығуға дайындық жұмыстарын жүргізу

11.06.2018ж

14.40

Астана – Семей пойызына отыру

12.06.2018ж

07.18

Семей  қаласы. Орналасу

08.00-08.45

Таңғы ас

 

11.00

Семей – Қаруыл – Жидебай

 Абай еліне сапарға шығу.

«Абай жолы»: Күшікбай асуы, «Еңлік - Кебек», Құнанбай – Зере зираты, Абай – Шәкәрім кесенесі.

Жидебайдағы Абайдың мемлекеттік музейі.

18.00

«Қоңыр Әулие» үңгірімен танысу.

20.00

Кешкі тамақ («Қоңыр Әулие» үңгірі басында қону)

07.00-07.45

Таңғы ас

13.05.2018ж

08.00-13.00

«Қоңыр Әулие» үңгірінен Семейге жолға шығу

 

13.00-14.00

Түскі тамақ

 

14.30-15.30

Мұхтар Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжі.

Дөңгелек үстел.  «Әлкей Марғұлан оқыған білім ордасы және Алаш қаласының тарихы»

16.00-17.30

Семей қаласындағы Абайдың мемлекеттік музейіне экскурссия.

 «Қазақтың бас ақыны және Алаш арыстары»

 

19.00-20.00

Кешкі тамақ

14.06.2018ж

08.30-09.30

Таңғы ас

10.00

Абай, Шәкәрім, Әлихан Мұхтар, Қайымның ескерткіштеріне бару.

10.30-11.00

Семей полигоны құрбандарына арналған монумент.

 

11.00-12.00

Семей қаласының көрікті жерлерін аралау

 

13.55

Семей –Астана пойызына отыру

15.06.2018ж

05.00

Астана қаласы

Әлкей Марғұлан және Алаш қаласының тарихы

Экспедицияға барған жер: Семей өңірі

Болған күні: 11 - 15.06.2018 жыл

Барған оқушылар саны: 20

Жетекші: Байдрахманова Сәуле Жұмабекқызы.

 «Әлкей Марғұлан ізімен» туристік – өлкетану экспедициясының  мүшелері 2018 жылы 12 маусым күні Семейге келіп, Абай жолымен жүріп алғашқы аялдамасы Күшікбай асуы болды. Күшікбай -ХVІІІ ғасырдың соңында өмір сүрген, ел мен жерін жаудан қорғап, не бары 21 жасында мерт болған қазақтың қас батыры.

«Абай жолы»: Күшікбай асуы, «Еңлік - Кебек»  кесенесінен кейін Жидебайдағы Абайдың мемлекеттік мұражай-үйіне келдік. Абайдың өмірі мен шығармашылық жолынан толық мағлұмат беретін мәдени мекеме. Мұржайдың бес бөлмесі мен үш залына орналастырылған заттар ақыннын жақын-туыстарынан, остары мен замандастарынан алынған екен. Үйдің құрылымы, сыртқы пішіні Абай заманындағы көрініс, келбетін сақтаған. Абай атамыздың Семейдің өлкетану мұражайына өз қолымен өткізген заттарын көре алдық. Оқушылар мұражайдың құнды жәдігерлерімен танысып, Абай Құнанбаев туралы білімдерін жетілдіре  түсті.

Жидебайдағы Абайдың мұражай-үйінен кейін киелі де, қасиетті жер Қоңыр Әулие үңгіріне бет алдық.Үңгір ішінде жаугершілік заман кезінде талай адам жан сақтағандығы туралы аңыздар естісе ал, М.Әуезовтың "Абай жолы" романында "Қоңыр Әулиеге" байланысты Қабанбай батырдың Абылай ханның тапсырмасын орындап, Дарабоз атануы жайлы сюжет кездеседі. Осынау таңғажайып мекенді өз көзімізбен көріп тамашалады. Қасиетті жерде  үңгірдің суына түсіп, тәу  етіп қайтты.

Семей қаласындағы Республикамыздың бай тарихы, дәстүрі бар Алаштың көрнекті тұлғалары білім алған, іргелі оқу орны Мұхтар Омарханұла Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде болдық. 1921-1925 жылдыр аралығында Әлкей Марғұлан Семей педагогикалық техникумында оқып, тәлім -тәрбие алған. Алаш арыстары мен Әлкей Марғұлан туралы және колледждің тарихымен тереңнен таныса алдық. Атаулы оқу орнының директоры Жанаева Шағангүл Алдамжарқызы өзі қарсы алып, оқушыларымызға колледждің тарихи мұражайымен таныстырды.  Талай ұлылардың табаны тиіп, ізі қалған оқу орны туралы  көп мәліметтерге қанықты.

"Қазақтың бас ақыны және Алаш арыстары " тақырыбы бойынша  Семей қаласындағы Абайдың мемлекеттік тарихи өлкетану музейіне саяхат жасады. Ондағы жәдігерлермен қатар Алаш қаласының тарихымен таныса алды.

 

Директорға сұрақ қою