Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

НАҚТЫ ҒЫЛЫМ МАМАНДАРЫ ӨЗАРА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

1676963031114919.jpg

2023 жылдың 16 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде «Қалыптастырушы бағалауды математика сабақтарында ұтымды ұйымдастыру» тақырыбында қалалық семинар болып өтті. Астана қаласының математика пәні мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастықты дамытудағы тәжірибесімен бөлісуді мақсат еткен семинарда Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімдері А.М.Биманова – «Бірінші тамаша шек», Г.З.Фазылова – «Қиық конустың жазбасы, бүйір және толық бетінің ауданы», Т.Жемисбек – «Тригонометриялық формулалар», №68 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімдері Н.Әбдуаит – «Қысқаша көбейту формулалары», Н.Айданкол «Тригонометриялық формулалар» тақырыбында инновациялық сабақ ұсынып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Білім алушылармен топтық, жұптық, жеке жұмыс жүргізілді. Білім алушылар дескриптор бойынша есептерге талдау жүргізді. Сабақ тақырыбына байланысты шығармашылық тапсырмалар орындалды. «Ара ұясы», «Бинго» ойыны, «Детальдарды қосу», «Білім шамы», «Таңдау», «Пазл», «Елші» әдіс-тәсілдері қолданылды. Арнайы түзету сыныптарына А.Эрднэбат «Алтын қақпа» логикалық жарысын өткізіп, математикаға байланысты қызықты сұрақтар қойып, оқушылардың белсенділігін көрсете білді. Сондай-ақ «Жаңа мүмкіндіктерді пайдалану, сәтті сабақ – сапалы білімге апаратын жол» тақырыбымен Р.Кужанбаева, Б.Мәулетбек, Н.Касенова шеберлік сабағын өткізді. Семинар соңында Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі директорының оқу-ісі жөніндегі жөніндегі орынбасары Ж.Б.Тлеулесова «Қалыптастырушы бағалауды математика сабақтарында ұтымды ұйымдастыру» тақырыбында өз презентациясын қорғады.

Директорға сұрақ қою