Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

АНАЛАР - КӨКТЕМНІҢ АЖАРЫ

1678075785525316.jpg

 
 
АНАЛАР - КӨКТЕМНІҢ АЖАРЫ
Ана деген – бастауы ұлылықтың.
Ана деген – рәмізі сұлулықтың.
Ана деген – бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ атын, – демекші, бүгін, 2023 жылдың 3 наурызында, Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің оқушылары ардақты жандарға арналған «Аналар – көктемнің ажары» атты мерекелік концертін тарту ертті. Кеш «Жас ұлан» оқушылар ұйымының барша ұстаз-аналар мен Марғұлан мектебінің 1-11-сынып аналарына әзірлеген әдемі тілегімен бастау алды. Кеште Әлкей Марғұлан мектебінің шәкірттері биден, жырдан, әннен шашу шашып, өз өнерін ортаға салып, риясыз көңілмен құттықтағаны барша аналар қауымына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ кеште әйел-ананың атқарар еңбегі мен арқалап жүрген еңбегі жайлы «Әйел атты ұлылықтың күнделікті өмірінен бір үзік сыр» атты бейнеролик көрермен назарына ұсынылды. Кеш соңы мектебіміздің директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлының құттықтауы және барша аналардың құрметіне көңіл сырын шерткен мектеп ұстазы Қайнар Қатбайдың орындауындағы «Ана» әнімен қорытындыланды.

 
 
 
 
 
 
 
и ещё 3
 
 
 
Все реакции:
3Замзагуль Боранбекова и ещё 2
 
 

Директорға сұрақ қою