Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

АРУ КӨКТЕМ ЖАРШЫСЫ – МАРҒҰЛАН АРУЛАРЫ

1678336050985792.jpg

           Бүгін, наурыз айының 7 жұлдызы күні, Әлкей Марғұлан мектебінің ер-жігіттер қауымы елордалық мектепте жұмыс істеп, отандық білім беру саласының алға озып, дамуына елеулі үлес қосып жүрген нәзік жандыларды: қыз-келіншектерді, әйел-аналарды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, «Нұрын шашқан ғаламға» атты мерекелік концерт бағдарламасын ұсынды. Құлақтан кіріп, бойды алған әуезді ән, мән-мағына тұнған қара өлең, орынды әзіл-қалжың, викториналық ойындар, мерекелік көңіл күй – бәрі де осы кеште көрініс тапты. Концерттің шымылдығы мектеп директоры Жанкелді Сағынтайұлы бастаған, музыка пәні мұғалімі Қайнар Қатпай мен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Алмас Кәкен қостаған, домбыра мен гитараның сүйемелдеуімен «Анашым» әнімен түрілді. Одан кейін тұла бойға нәр берген бір топ әйелдер, аналар, арулар жайында өлеңдер оқылып, көрерменге әдеби-рухани ләззат сыйлады. Думанды шараның көрігін қыздырған арнайы қонақтарымыз – «Астана» тобының әншілері ескі де есті әндерді: «Ләйлім шырақ» пен «Су тасушы қыз» композициясын орындап, жиналғандарды өнерімен қуантты. Өзге де мектеп ұстаздары өнерден құралақан емес екенін осы кеште көрсете білді. Мазмұнды, көңілді, жоғары дәрежеде ұйымдастырылған шара соңы мектеп директорының әлемге шуақ шашқан ардақты жандарға деген лебізімен, ер-жігіттердің қорытынды әнімен түйінделді.
Көктем шыққан бойда, табиғат қалың ұйқыдан қайта оянып, жаңа тіршілікке қайта қадам басқанда сұлулығымен, көркем мінезімен, сұлулығымен әйел заты да қайта түлейді. Сондықтан көктемнің жаршысы болған әйел-ана, ару-ана, аяулы қарындастар мәңгі жасай берсін!

Директорға сұрақ қою