Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚЫР-СЫРЫМЕН БӨЛІСТІ

1678425003355576.jpg

Бүгін, 2023 жылдың 20 қаңтар күні, Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде «Сабақта қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру» тақырыбында мектепішілік семинар өтті. Шараның басты мақсаты – сабақта қалыптастырушы бағалауды жоспарлау мен ұйымдастыру жолдарын практикалық тұрғыда көрсету. Мәселен, кей жағдайда оқушының оқу үлгерімін, сабаққа белсенді қатысуын бағалау қиындық туғызады. Сол себепті мәселемен бетпе-бет кезіккенде оның шешімін тарқатып, лайықты бағалауда ұстаздардың біліктілігі басым болуы шарт. Семинарда тәжірибелі мектеп ұстаздары А.Мужикбаева, Н.Сакенова, Ғ.Жұбанова, А.Жексенби, А.Биманова, Р.Туякбаева, Д.Сабанбай, М.Кендебай, А.Тасболатова сабақ беріп, әріптестеріне қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру жолдарын практикалық тұрғыда көрсетті. Сабақ беру барысында қалыптастырушы бағалаудың үнемі қалай жүзеге асатыны жайында тәжірибелерімен бөліскен ұстаздарымыз оқушы мен мұғалім арасындағы тығыз байланысты терең көрсете білді. Атап айтқанда, оқушылардың сабақта жаңа материалды меңгеруіне, тапсырманы дұрыс орындауына, оқытудағы мақсат-міндетті орындауына айрықша мән беру – үнемі ұстаздарға жүктелген құзырет. Сол себепті қалыптастырушы бағалау тікелей оқу нәтижесіне бағытталғандықтан, оқушылар тарапынан білім алуда кеткен олқылықты түзетуге, күнделікті білім сапасын жақсартуға көп көмегі тимек.

Директорға сұрақ қою