Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

ШАХМАТ ОЙНАУ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІ

1681358928803236.png

       Бүгін 2023 жылдың 12 сәуір күні елорданың барлық білім беру ұйымдарында шахмат челленджі басталды. Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде де шахматтан республикалық челлендж болып өтті.
Челлендждің басты мақсаты: Шахмат арқылы балалардың зияткерлік және ақыл-ой қабілеттерін дамыту.
Міндеті: - оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ақыл-ой белсенділігін арттыру, логикалық ойлау, есте сақтау, аңғарымпаздық пен зейінін дамыту.
- балалардың бойында табандылық, төзімділік, ерік-жігер, сабырлық, өз қабілеттеріне деген сенімділікті дамыту.
Шахмат – зейінді, интеллект пен логикалық ойлауды дамытатын балалар мен ересектерге арналған танымал спорт түрі. Тартысты өткен шахмат челленджіне біршама оқушы қатысты. Өмірдің тақтадағы көшірмесіндей шахмат ойынынан болашақта талай жарыстар өткізу мақсат етілді.

  

Директорға сұрақ қою