КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ
Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде 2023 жылдың 13 сәуір күні 10-11 сынып оқушыларымен ESIL UNIVERSITY жоғары оқу орнынан келген маман қызметкерлері Әлия Елеусізқызы, Берік Өтелбайұлы кәсіптік бағдар беру бойынша ақпараттық кездесу жүргізді. Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы бар. Университет талаптары мен ішкі көрінісі, қызығушылықтары жайлы айтты. Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті.