Халқымыздың тарихын, мәдени шежіресін жалықпай зерттеп, том-том бағалы кітаптар жарияланып, білім қорының молаюына ықпал жасаған кемеңгерлердің ең көрнектілерінің бірі – АКАДЕМИК ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАННЫҢ туған күніне орай «ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН МҰРАСЫ – ҰЛТТЫҢ РУХАНИ БАЙЛЫҒЫ» атты салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиын ҚР Мемлекеттік гимнімен басталып, еске алу рәсімінің бір минуттық үнсіздігімен жалғасты. Жиында мектеп бітіруші түлектеріміз ғалымның өмірбаянын, ғылымда өшпес өнегелі із қалдырған дана ойшылдар, білімпаз қайраткерлердің Әлкей Хақанұлы Марғұлан туралы айтқан пікірлерін, өлеңдерін жатқа оқып, Әлкей Марғұлан есімін иеленіп отырған білім ошағы оқушыларының жадында ғалымға деген құрмет мәңгі ұмытылмайтындарын сөзге тиек етті. Жиын кемеңгер тұлға Әлкей Марғұланның ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімімен жалғасты. Кемеңгер тұлға Әлкей Марғұланның ескерткішіне гүл шоғын қою мәртебесі мектебіміздің Үздік оқушысы Сейтжан Рустам мен алтын белгі иегері Ермагамбетова Мадинаға берілді. Мектеп директоры Уйсимбаева Сәуле Амангелдіқызы мен директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Тлеулесова Жұмагүл Балташқызы ұстаздарды, оқушыларды құттықтап, ғалым мұрасын насихаттау әрбір мектеп оқушысының парызы екендігін айтып, алдағы білім сынақтарынан сүрінбей өтіп, Әлкей ата сияқты білімге құштар, ізденімпаз азамат болуларына тілектес екендігін жеткізді. Кеш соңы Ербол Ісләмұлының сөзіне, Жұмағазы Кәкімжановтың әніне жазылған мектебіміздің гимні «Марғұлан маршымен» аяқталды. МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН ҚЫМБАТТЫ МАРҒҰЛАН ҰЖЫМЫ!