ОТБАСЫ,ОҚУШЫ,МҰҒАЛІМ қолдау көрсету жиналысы
Білім ордасына енді қадам басқан балалардың ата-анасында оқу жылының басында көкейде бірқатар сұрақ болатынын негізге ала отырып, басқосуды ұйымдастыру күн тәртібіне қойылған еді. Мұндағы басты мақсат – мектеп ата-аналарына педагогикалық, психологиялық қолдау көрсету. Тағылымды басқосуды жүргізген мектеп директоры Сәуле Амангелдіқызының айтуынша, отбасы – маңызды әлеуметтік институт, сондықтан ата-ана мен бала арасында еш кедергі, өзара түсініспеушілік орын алмауы тиіс.