БАЛАЛАР МЕН ЖАСТАР МУЗЫКАЛЫҚ ОРКЕСТРЛЕРІ МЕН АНСАМБЛЬДЕРІНІҢ ШЕРУІ
Бүгін 2018 жылдың 01 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Астана қаласы мектептері мен колледж студенттері арасында қалалық "Балалар мен жастар музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі" болып өтті. Аталған шеруге Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінің оқушылары қатысты. Алты мыңнан астам оқушы әсем әуен ырғағына бір қимылда флешмоб билеп, көрермендерге жақсы көңіл күй сыйлады.