2023 жылдың 16 қыркүйек күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 5 «ж» сынып оқушыларына орыс тілі пәнінен «Рассуждать – значит доказывать» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аязбекова Гүлвира Мейірханқызы өткізді. Ашық сабақ жас мамандарға білім мен тәжірибе бөлісу мақсатында өтті. Сабақ барысында оқушылар теориялық және практикалық дағдыларды пайдаланып, өз жауаптарын дәлелдей отырып, мәтіннің түрін, сөйлеу мәнерін, оқылатын материалдың тақырыбын, мақсатын дұрыс анықтады. Оқушылардың пәнге деген ынталарын арттырып, алған білімдерін тереңдету ретінде түрлі сұрақ-жауаптар айтылып, әдістер қолданылды. Сондай-ақ әр тапсырмаға белсенділік танытып, жаңа тақырыпты толықтай түсінгендерін кері байланыс жасап, өз-өздерін үнемі жетілдіріп тұру айтылды.