Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

ЖАС БАҒДАРЛАУШЫ ЖАРЫСЫ

1697791149698582.jpg

2023 жылдың 18 қазан күні Республика күні мерекесі қарсаңында мектебіміздің 6 сынып оқушылары арасында "Жас бағдарлаушы" спорттық картамен бағдарлау жарысы өтті. Оқушыларымызға салауатты өмір салтын насихаттау,бос уақыттарын смартфонда емес қызықты да,тиімді өткізу мақсатында ұйымдастырылған жарыс тартысты да,қызықты өтті. Оқушылар арнайы мектеп картасымен жасырылған нүктелерді тауып жылдамдық және тапқырлық танытты. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі III орынды Болатбек Кәусар мен Медет Назерке иеленсе,жүлделі II орынды Қазыбаева Сабина мен Лесхан Сағыныш иеленді. Жарыстың жүлделі I орынын ұпай сандары жоғары деп танылған Орынқұл Дарын және Болат Ақмарал, Байзақ Мадина өзара бөлісіп жарыс жеңімпаздары атанды. Тапқырлықпен,жылдамдықты талап ететін жарыс оқушылар үшін қызықты әсер қалдырды. Жарыс жеңімпаздары арнайы диплом және медальдармен марапатталды!







Директорға сұрақ қою