Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ МЕКТЕПШІЛІК КЕЗЕҢІ

1697791577100592.jpg

Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 2023 жылдың 17-18 қазан аралығында 8-11 сынып оқушылары арасында жалпы орта білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі болып өтті. Олимпиада мақсаты: дарынды оқушылардың интеллектуалды-шығармашылық деңгейін көтеру, сапалы білім алуға қызығушылығын арттыру және аудандық пәндер олимпиадасына құрама команда құру көзделеді. Олимпиаданың ашылу салтанаты мектептің мәжіліс залында Әнұранмен бастау алды. Барлығы 10 пәннен 120 оқушы қатысты. Аудандық кезеңге 40 оқушы жолдама алды.
Бүгінгі мектептен басталған пән олимпиадасы ғылымның алғашқы басқышы. Жасампаз елдің жастарына әркез сеніммен қарайтын Елбасы: «Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады», - деген еді. Осындай дарынды шәкірттерімізге мектеп директоры Уйсимбаева Сауле Амангелдіқызы ақ тілегін арнап, толағай табыстар тіледі. Олимпиаданың өтілу тәртібі және ережелері жөнінде директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары таныстырып, әділқазы алқасы және жауапты мұғалімдерді олимпиаданың әділ өтуін бақылауды тапсырды.





Директорға сұрақ қою