Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІ

1715865274926748.jpg

2024 жылдың 11-12 мамыр күндері мектебімізде Әлкей Хақанұлы Марғұланның 120 жылдығына орай және 2005-2018 жж аралығында мектепте басшы қызметін атқарған Марғұлан мектебінде тұнғыш Әлкей Марғұлан музейін ашқан Іргебай Ербол Ісләмұлын еске алуға арналған футзалдан турнир болып өтті. Турнир мемлекеттік гимннің шырқалуымен бастау алып, 1 минуттық үнсіздік еске алуымен жалғасты. Турнирде Ербол Ісләмұлының жары Қымбат Мұқанқызы мен мектеп директоры Уйсимбаева Сәуле Амангелдіқызы ұстаздың еңбек жолы ұжым ұстаздарымен шәкірттердің, ата-аналардың есінде мәңгі сақталғандығын айтып сөз алды. Аталған спорттық футзал турниріне мектебіміздің 2009, 2010, 2012, 2013, 2014, 2016, 2017, 2018, 2021-ші жылдары мектепті бітірген түлектер мен мектеп ұстаздарынан құралған, Ербол Ісләмұлының бауырларынан құралған топ команда мүшелері қатысты. Нәтижесінде жүлделі ІІІ орынды иеленген 2016 жылғы мектеп түлектері, ІІ орынды иеленген 2012 жылғы мектеп түлектері, І орынды иеленген 2009 жылғы мектеп түлектері командасы иеленді. Спорттық турнирді ұйымдастырған Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицей ұжымы мен мектепті 2014 жылы бітірген түлектер болды. Еске алу кеші Ербол Ісләмұлының рухына құран бағыштаумен аяқталды. Мектеп пен мектеп бітіруші түлектер арасындағы ынтымақтастық нығая берсін.




Директорға сұрақ қою