1-сурет. Жақып Мадиярдың Шаттық дельфийлік ойындар байқауында Күміс медальмен марапатталу сәті, жетекшісі жас маман А.Тасболатова
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мектепішілік олимпиада 8-11 сыныптар аралығында қарашаның бірі, екісі күндері өткізілді. Олимпиада екі турдан тұрды. І турда оқушылардың шығарма жазудағы қабілеттерін, ой тереңдігін, стилін, көркемдігін бақылау мақсатында екі тақырыптық, бір еркін тақырыптағы шығарма материалы берілді. Осы оқушылардың ішінде Еманғалиева Камила, Мұсаева Жұлдызайлардың жұмыстары ерекше көзге түсті. ІІ тур бойынша оқушылардың теориялық білімдері сыналды. Жалпы оқушылардың теориялық білімдерінің жүйелілігі байқалды. Оқушылар мектепішілік жиында марапатталды және аудандық олимпиадаға жолдама алды. Аудандық олимпиадада өз білімдерін көрсете білген Айымбетова Ақмарал ІІ орынды, Мұсаева Жұлдызай мен Досанова Гүлзия ІІІ орынды иеленсе, Еманғалиева Камила мақтау қағазымен марапатталды.
Қалалық олимпиададан оқушылар жүлделі орындарды иеленді. Мұсаева Жұлдызай-10 ә сынып оқушысы - ІІІ орын,пән мұғалімі Іргебай Е.І.
Айымбетова Ақмарал- 11ә сынып оқушысы - ІІІ орын, пән мұғалімі Мұса А.С. Досанова Гүлзия- 9ә сынып оқушысы – мақтау қағазы,жетекшісі Байбақы А.Қ. Жақып Мадияр - Шаттық дельфийлік ойындар байқауының Күміс медаль иегері, республикалық Оралхан Бөкей оқуларының ІІ орын иегері, қалалық Махамбет оқуларының бас жүлдегері, қазақ тілінен қалалық KATEV олимпиадасының І орын иегері. Дауысында әсерлі үн, бойында ерекше талант бар. Мектептің қоғамдық жұмыстарының ұйтқысы. «Жас Ұлан» оқушылар ұйымының ұланбасы. Мектеп ұжымы Жақып Мадиярмен мақтанады.
2-сурет.Қалалық олимпиада жеңімпаздары Мұсаева Жұлдызай мен Айымбетова Ақмаралдың марапатталу сәті. Бірлестік жетекшісі Мұса А.С